Жанашырлық сыңай танытып, жымысқы ойын жүзеге асырған

Тамыз айы басталғалы тұрғындар қысқыға азық-түлік дайындауға мықтап кірісті. Шыны банкаға түрлі тосаптар мен сусындар, салаттар жабудың нақ қайнаған уақыты. Күннің жылылығын пайдаланған тұрғындар бау-бақшасынан жиналған жеміс-жидектерді кәдеге жаратуда.
Таяуда банка сатып аламын деп базарға барған ер адам 50 мың теңгесін тапа-тал түсте ұрлатып алған.
Нақтырақ айтсақ, 2020 жылдың 19 тамызында Орал қаласының 1958 жылғы Ж. есімді тұрғыны банка сатып алу үшін арнайы «Орталық базарға» келеді. Кембағал бұл азаматтың бір ғана ойы-үйіне банка сатып апарып, қайнаған өнімдерді банкаға құйып, қысқыға қамдану еді. Бұл азамат банка сатушы сатымсақтардың қасына жақындап, банка сатып алмақшы ойын айтады. Банканы сатып алған соң, сатушы әйел адам банкілерін мекен-жайына дейін жеткізіп беретінін, жәрдемдесетінін айтып түсіндіреді. Қолғабыс етуге ынталанып тұрған бейтаныс әйел адамның ниетін қақпай, бұл азамат банкаларын сөмкелеріне салып, «Солтүстік-Шығыс» ауданындағы жәйлі пәтерлі үйіне қарай аяңдайды. Әйел адам банка салынған сөмкелерді көтеріп, бірге ілесе үй ішіне кірді. Үйге кірген соң бұған дейін жымысқы оймен келген 1990 жылғы келіншек мүгедек жан артына бұрылған сәтін пайдаланып, сөмкесіне қол салған. Сөмкеден 50 мың теңгесін ұрлап, шапшаңдатып, үлкен кісіні алдап-сулап лезде үйден шығып кеткен. Бейтаныс, қамқор келіншек үйінен шыққан бойда, қарт сөмкесінен ақшасы ұрланғанын көреді. Полицияға телефон соғып, арыз жазды. Ұрының әккі ойы алысқа апармады. Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері «Орталық базар» маңын торуылдап жүріп, Бәйтерек ауданына қарасты Переметное ауылының тұрғыны, 1990 жылғы А.есімді әйел адамды құрықтады. Жедел уәкілдер күдіктінің қолынан ақшаны тәркілеп, өз иесіне қайтарды. Жедел уәкілдердің алдына келген А.есімді азаматша базарға келген ересек ер адамның үйіне аяқтай барып, ақшаға қызығып, сөмкесінен ақша ұрлағанын толығымен мойындады.
Бүгінгі күні кембағал ер адамның ақшасын ұрлаған әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарын басқарманың тергеу бөлімі жүргізуде.

Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *