Ғалым Бекқалиевтің сайлауалды бағдарламасы

Кандидат

Бекқалиев Ғалым Ибатоллаұлы

 Бекқалиев Ғалым Ибатоллаұлы  1977 жылы, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары 1999 жылы«Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті»

бітіргенмамандығы — тарих және құқық,2007 жылы«Еуразия» Батыс Қазақстан Тілдер Менеджмент Институтын  бітіргенмамандығы –экономика бакалавр.

Еңбек жолын Зеленов ауданының, Дәриан ауылында 1999 жылы ОҚМ тарих және құқық мұғалімі болып бастаған.

2000-2001 жылдары Орал қаласы, №26 ЖОББМ-нің тарих мұғалімі.

2003-2005 жылдары «Батыс Қазақстан облысының туризм және спорт басқармасы» ММ-нің — туризм жөніндегі маман.

2005-2020 жылдары «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ-нің -туризм бөлімінің басшысы.

2020жылдың 16 қантар айынан бастап «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық  орталығы» МКҚК-нің —  директоры.

Мәскеу халыққаралық балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының профессоры.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидат Ғалым Ибатоллаұлы Бекқалиевтің сайлауалды бағдарламасы

Менің өмірлік ұстанымым-адалдық пен ашықтық!

Мен отбасында осы ұстанымда тәрбиелендім және өмірде де осы қағиданы ұстанамын.

Менің депутаттық қызметімде менің сайлауалды бағдарламамда көрсетілген осы маңызды ұстанымдарды басшылыққа аламын.

Уақыт бір орында тұрмайтынын ескерсек, жылсайын біздің алдымызға бірлескен күш-жігер мен шешімді талапететін жаңа міндеттер қойылады.

Негізгі мәселелердің бірі-пандемия кезеңінде экономикамызды дамытудың маңызды және өзекті мәселелерін қарастыру.

Біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттер-медицина, білім беру және ауыл шаруашылығы сапасын жақсарту мәселелері.

Біздің аймақ Ресейдің 5 облысымен іргелес және жыл сайын біздің аймақ аралық ынтымақтастығымыз нығайып, кеңеюде. Бүгінгі таңда біз тек шекаралас елдермен ғана емес, сонымен бірге Ресейдің басқа аймақтарымен де тығыз байланыстамыз, бұл инвестициялар тартуда және бірлескен кәсіпорындар ашуда қолайлы рөл атқарады.

Біз білім саласында барлық сабақтардың онлайн түрінде өтіп жатқанын білеміз бұл үшін барлық аудандар қамтылмаған сапалы жоғары жылдамдықты интернет байланысы қажет.

Ауыл шаруашылығы саласында сумен қамтамасыз ету ерекше рөл атқарады.

2016 жылы екі ел арасында Жайық өзенінің трансшекаралық бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Келісімге қол қою, біз үшін маңызды оқиға болды.

Сараптамалық Кеңес құрылып, жұмысын бастады.

Мен бұл жұмысқа қосылуға ниеттімін және экожүйеге теріс әсерететін негізгі себептерді анықтау үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту маңызды және қажетдеп санаймын.

Экологиялық бағдарламаларды, атап айтқанда, экологиялық тәрбиеге бағытталған бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайту қажетдеп санаймын.

Мен қолжеткізетін боламын:

— Жергілікті маңызы бар жолдарды қайта жаңартуға және жөндеуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлуге.

-Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын толық көлемде қаржыландыруға.

Бәсекеге қабілетті экономика құру мақсатында өңірді дамыту бойынша қойылған міндеттерді іске асыру мәселелерінде облыс басшылығын, мәслихат депутаттарын қолдаймын.

Маңызды заңдарды қабылдауға белсенді қатысамын.

Мен өз бағдарламамда облысымыз үшін жаһандық мәселелерді анықтау және үкіметтік деңгейде шешу үшін жергілікті депутаттармен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын боламын.

Мен өз біліміммен тәжірибемді пайдалана отырып, алға қойылған міндеттермен депутаттық бағдарламамды орындауға белсенді қатысуды жоспарлап отырмын, халықтың негізгі өмірлік ұстанымдарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру және жағдай жасауүшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *