2019 жылдың 10-13 наурызы «Қазгидромет» еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялаған болатын.
Күндізгі және түнгі ауа температурасының жылуы мен жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамына байланысты Батыс Қазақстан облысында қарқынды қар ериді. Соған байланысты өзендерде мұз еруіне орай су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Ал бүгін, яғни 11 наурызда Қазақстан аумағынан атомосфералық ағындардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы деп хабарлады «Қазгидромет». Кей жерлерде жауын жауады. Әсіресе елдің батысы мен оңтүстік-батысында жауын көп болады. Сондай-ақ елдің бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.