Жуырда Орал қаласында пәтер тонаған қылмыстық топ құрықталды.
Пәтер ұрлығы – қылмыстың кең тараған түрі. Орал қалалық полиция басқармасы мен Абай Пб криминалдық полиция бөлімінің кәсіби шеберлігі шыңдалған жедел уәкілдері мен жедел криминалистік бөлімінің еңбек өтілі мол қызметкерлері бірлесіп, қаладағы пәтертонаған қылмыстық топты 20 күн ішінде ұстаған.
Осы мерзім аралығында күдіктілер 4 пәтерді тонап үлгерген. Қылмыстық топ құрамындағы екі жігіт әр пәтерге үй иелері қызметте болған уақыттарды пайдаланып, күндіз ұрлыққа жол берген. Ұрлық «4-ші ықшам ауданы», «Құрылысшы» ықшам ауданы , «Мұхит» көшесіндегі жәйлі пәтерлерде көп орын алған. Ола үй ішінен ақша мен алтын бұйымдарды іздеп, әр пәтердің астан- кестеңін шығарған.
Нақтырақ айтсақ, 16 маусым күні таңертеңгі сағат 08.00 мен кешкі сағат 20.00 аралығында Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы пәтердің есігін ашып, 100 мың көлемінде ақша, алтын бұйымды сырға-сақина, неке жүзігі, екі алтын алқа, күміс сақина, алтын жалатылған күміс сақина сынды зергерлік бұйымдарды үптеп кеткен. Үй иесіне 720 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Осы топ 15 маусымда түскі уақытта Мұхит көшесіндегі бір жәйлі пәтерден ер адамның алтын сақинасы мен алтын сағатын жымқырған. Бұл пәтер иесіне 630 мың теңге материалдық шығын келген. Ал 4-ші ықшам ауданында орналасқан пәтер иесіне 12 мың теңге шығын келтірсе, Еуразия даңғылындағы пәтерден 12 түрлі алтын бұйымды алып қашқан.
Тексеру жұмыстары кезінде пәтер тонағыш екі жігіттің бірі - Атырау қаласы, екіншісі Орал қаласының тұрғыны екені мәлім болды. Қылмескерлердің жұмыссыз екендіктері , бұған дейін де дәл осы қылмыс түрімен істі болғандары анықталды.
Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3 бөлімімен іс қозғалды. Криминалистер күдіктілерді пәтерлердің есік пен терезе жақтауларында қалған саусақ іздері арқылы тапқан. Сараптама нәтижесіне сай күдікті тұлғаларды жедел уәкілдер басқармаға жеткізгенде, олар ұрлық жасағандарын толық мойындаған.
Пәтер ұрлығын ашыуда Орал қалалық ПБ жедел криминалистік бөлімінің аға криминалисті, полиция майоры Эльдар Вахитовтың еңбегін атап өткен жөн.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі