Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір Тұңғыш Президент өзін өзі оқшаулап жатыр.
Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясын анықтау үшін кейінгі жасатқан сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.