Орал қалалық Полиция басқармасының КПб жедел уәкілдері 4 эпизодты қылмысқа жол берген 2 жігіттен құрылған қылмыстық топты құрықтады, — деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Оқиға 30 мамыр мен 4 маусым аралығында кешкі сағат 18.00-ден кейін орын алып отырған.
Олар қаладағы бірнеше ірі ЖШС- інің ауласында тұрған ірі ауыр жүк көліктерінің аккумуляторын ұрлап, жеңіл көліктердің салонынан жеке мүліктерді үптеп, ізінше жоғары құнмен сатып үлгерген.
Мысалы, Зрелов көшесіндегі ірі ЖШС ауласында тұрған «КАМАЗ» маркалы көліктің аккумуляторын түнде шешіп алып, 50 мың теңгеге сатқан. 1965 жылғы В. есімді көлік иесі таңертеңгілік қызметіне келгенде аккумулятор жоғын көріп, басшылыққа хабар жеткізген. Полиция қызметкерлерінің құрығына түскен 1982 жылы туған Бәйтерек ауданының тұрғыны мен 1989 жылы туған «Ет комбинаты» ауданының тұрғыны ұрлыққа барғандарын мойындады. Барлық ұрланған айғақ заттар тәркіленді.
Орал қалалық ПБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөліміне сай 4 эпизодты қылмыстық іс қозғап, тергеу бөлімінде тергелуде.