Биыл қаламызда студенттер үшін шарапаты мол шара жалғасын тапты. Студенттік құрылыс жасақтары өз жұмысын бастады.
Қазіргі таңда студент жастарды қолдау, студенттердің жазғы демалыс уақыттарында еңбекпен қамтылуына ықпал жасауда «Студенттік құрылыс жасақтары» бағдарламасының орыны ерекше екендігі белгілі.
Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлері сәуір айында студент жастарды құрылыс жасақтарына жұмысқа тарту бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізген болатын.
Биыл жасақ сарбаздары қаламыздағы «Жайық Құрылыс», «Батыс Строй Инвест» ЖШС мердігер компаниялар мен студенттер арасында келісім шарт жасалып, бүгінгі таңда 80 студент жұмыспен қамтылды. Жұмысқа қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 21 сәуірінен басталған болатын. Қабылдау әлі де жалғасуда. Құрылыс жасақтарында жұмыс жасауға ниетті жастарды жазғы демалыс уақыттарында еңбектенуге шақырамыз» , — деді Қалалық жастар ресурстық орталығының Консультациялық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нагимов Ерлан.
Биыл студенттік құрылыс жасағының орташа еңбекақысы - 85 мың теңге.
Жас ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелеуде студенттер құрылыс жасақтарының маңызы зор. Бүгінгі таңда «Студенттік құрылыс жасақтары» бағдарламасымен жазғы демалыс уақыттарында еңбек етіп жүрген студент Расул Сидихов қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосып жатқанын айтады.
Мен үшін студенттік құрылыс жасағында жұмыс жасау абырой. Мәртебе дер едім. Себебі, мен Қарағанды медициналық университетінде оқимын. Жазғы демалысыта үйге келіп, өз қаламызды көркейтуге үлес қосу маған қуаныш сыйлайды. Біз бірінші кезекте техникалық қауіпсіздікпен таныстық. Кішкентай кезімде құрылыс саласында жұмыс істеп, биік ғимараттарды салуды армандайтынмын. Қазіргі уақытта сол арманыма жетіп, қаламыздың дамуына, Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосып жатқаныма өте қуаныштымын. — деді.
Сондай-ақ, жазғы еңбек маусымында құрылыс жасағында жұмыс жасауға ниетті қаламыздың 18 -29 аралығындағы студент жастарын жұмысқа шақырамыз. Бұл — студенттік құрылыс жасағы ақша табудың көзі ғана емес, жастардың рухын көтеріп, еңбекке баулып, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін үлкен мектеп.
Бағдарламаға қатысу бойынша сұрақтарыңыз болса Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығына хабарласыңыз, мекен-жайы: Х.Чурина 116, байланыс телефондары 8747-161-67-57, 8705-555-91-85
сурет ғаламтордан алынды