Елімізде 1-12 маусым күндері аралығында » Бала еңбегін қанауға қарсы — 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқан өтіп жатыр. Акция аясында Орал қалалық ПБ ЖПҚб ЮПб инспекторлары кешенді рейдтер мен тексерістер өткізуде.
Нәтижесінде, 1-6 маусым аралығында акция кезінде 11 жасөспірім басқармаға жеткізіліп, қылмыс жасаған бір бала анықталды. Ал қалған 9 жеткіншектің әкімшілік құқық бұзғаны расталды. Түнгі уақытта қараусыз көшеде жүрген бір жасөспірім мектеп инспекторларының қолына түсті.
Рейд барысында 61 бала құқық бұзып, соның ішінде 2 бала ұсақ бұзақылыққа жол берген. Кәмелетке толмаған 58 жасөспірім Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 442 бабына сай көшеде заңды өкілсіз жүріп ұсталды. Алты күн ішінде инспекторлар Орал қаласы аумағында 60 нысанды тексерді. Автокөлік жуу орнынан -20, кафе — 13, базар — 5, т.б. орындардан бала еңбегін заңсыз пайдалану деректері анықталды.
Бала еңбегін заңсыз пайдаланған 16 факті анықталып, 4 бала Орал қалалық ПБ есебіне алынды, үшеуі тұрмысы төмен, қолайсыз отбасы есепке қойылды. Акция жалғасын табуда.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі