Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде циклонның әсерінен Қазақстанның көп өңірінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ғана антициклонның ықпалынан жауын-шашын болмайды.
Еліміздің батысында күндізгі температура көпжылдық орташа шамадан 0-4 градус жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0-4 градус төмен, ал қалған аумақта температура норма шамасында болады, – деп хабарлады “Қазгидромет” кәсіпорнының баспасөз қызметі.