Домбырашылардың республикалық онлайн байқауының қорытындысы белгілі болды.
Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы және Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен «Күй-live» байқауына еліміздің барлық өңірінен 105 үміткер қатысқан.
Күй додасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтті.
2020 жылдың 27 сәуір мен 27 мамыр күндері аралығында оздырылған байқаудың басты мақсаты– халық композиторы, төре күйлердің негізін қалыптастырған Дәулеткерей Шығайұлының шығармашылығын насихаттау, төл аспабымызға деген қызығушылықты арттырып, жастар арасында оң көзқарас қалыптастыру.
Сондай-ақ, Дәулеткерейдің күйлерін халыққа кеңінен насихаттап, еліміздің түкпір-түкпіріндегі домбырашылардың репертуарын баба күйлерімен толықтыру болып табылады.
Байқауға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы Карима Сахарбаева төрағалық етсе, қ ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор, дирижер Айтқали Жайымов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Бақытжан Мықтыбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, домбырашы — Орынбай Дүйсенов, ҚР мәдениет саласының үздігі, Мемлекеттік «Дарын» жастар мыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері — Еркін Нұрымбетов қазылық етті.
Онлайн режімінде өткен күй байқауының нәтижесі төмендегідей:
Гран-при — Саденов Таңат (Алматы қаласы),
Бірінші орын — Әділбеков Ерасыл (Алматы қаласы),
Бірінші орын — Бектасов Ақылбек (Алматы қаласы),
Екінші орын — Бекенова Әнел (Нұр-Сұлтан қаласы),
Екінші орын — Ажмуханов Жақсылық (Алматы қаласы),
Екінші орын — Сқақов Абылайхан (Қызылорда қаласы),
Үшінші орын — Айтқұлов Естай (Нұр-Сұлтан қаласы),
Үшінші орын — Базарбаева Назерке (Атырау қаласы),
Үшінші орын — Бердіғалиев Аңсар (Орал қаласы),
Дипломант — Сыздықов Серік (Павлодар қаласы),
Дипломант — Исаев Чингис (Шымкент қаласы),
Дипломант — Үмбет Тоғжан (Нұр-Сұлтан қаласы),
Дипломант-Хасанов Мақсат (Алматы облысы, М.Түйембаев ауылы)
Дипломант — Ахметов Панабек (Жамбыл облысы)
«Күй тарихын аша білгені үшін» номинациясына Берік Шаймарданов (Орал қаласы) лайық деп танылса, «Көрермендер көзайымы» аталымын Рахмет Қуаныш (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы) жеңіп алды. Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны меңгеріп, насихаттағаны үшін Сабина Мастерс (Атырау қаласы) Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының «Арнайы жүлдесі» сыйлығымен марапатталды.
Өз тілшіміз