Жуырда Орал қалалық полиция басқармасы КПб жедел уәкілдері осы жылдың сәуір мен мамыр айлары ішінде ұрлыққа қатысы бар қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Күдіктілер екі ай бойы қала ішіндегі гараждардың ішіне есіктері сындырып, болмаса қабырға тастарын қиратып кіріп жүрген. Осылайша, бірнеше гаражға ұрлыққа түсіп, көлікжай ішіндегі жеке мүліктерді ұрлап отырған.
Күдікті екеу төртінші сәуір күні кешкі сағат 18.00 ден 10 сәуірдегі кешкі сағат 18.30 аралығында кезектесіп, гараждың іргесінен бір кісі сиятындай ойық қазған. Сол ойық арқылы «Производственная» көшесіндегі бір үйдің ауласындағы металл гаражға кірген. Гараж ішіндегі 4 дана қысқы резеңке дөңгелектерді, 4 дана жазғы резеңке дөңгелектерді, көк түсті корпусы бар аккумулятор, 5 литрлік пластик құтыға құйылған 100 дана сұйықтық құралын ұрлаған. Заттарының ұрланғанын байқаған көлікжа й иесі дереу «102»- ге телефон шалған. Нәтижесінде 1996 жылғы А. есімді азаматқа 172 мың теңге материалдық залал келді. Оқиға орнына барған Орал қ.ПБ- ның жедел-тергеу тобы күдіктерлердің аяқ киім іздері мен дөңгелек іздерін таба алған. Көп кешікпей КПб жедел уәкілдері гараждар мен мекемелерге ұрлыққа түскен осы екі жігітті ұстады. Полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрамында болған күдіктілер туралы толық мәліметтер жинап, бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарын анықтады.
Бүгінгі күні басқарманың тергеу бөлімінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабының 3 бөліміне сай 3 эпизодпен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұлардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде .
Өз тілшіміз