Аудан имамы балаларды қуантты

Рамазан айында Қадір түнінің құрметіне Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбай бүлдіршіндерге тәттілер сыйлап, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Баланың күлкісі – бәрінен қымбат. Оларға жыл он екі ай қуаныш сыйласаң да артық етпейді.

«Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші, халқына қуаныш сыйлап, жақсылық жасап жүрген иманды азаматтар баршылық.  Солардың бірі Сырым ауданының бас имамы Әділхан Наурызбай қасиетті айда әр үйге арнайы барып, балаларға тәттілерден сыйлық үлестірді.

ҚМДБ БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *