1 маусымнан бастап ПОЙЫЗДАР жүре бастайды

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы — Жүк тасымалы» АҚ-ның Маркетинг және жоспарлау жөніндегі бас директордың орынбасары Мұхтар Махамбет брифинг барысында айтты,- деп хабарлайды BAQ.KZ

Оның айтуынша, пандемия кезінде жолаушылар пойызы тоқтатылған. Ал жүк пойыздары Қазақстан ішінде жүріп жатыр.

Пойыздар 1 маусымнан басап жүре бастайды. Дегенмен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Пойызға кірерде адамдардың дене қызуы тексеріледі. Оған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бірінші кезекте жолаушылардың өзіне қатысты. Әркім жеке басының қауіпсіздігі үшін маскасын, қолғабын киюі керек. Рұқсат берді екен деп вагондар арасында оңды-солды жүре бермегені жөн,-деді ол.

Сонымен қатар, ол төтенше жағдай кезіндегі екі айда жүк тасымалы жоспары төмендемегенін айтты. Бұл кезде кейбір жерде жүк тасымалы төмендегенімен, қосымша жүк тасымалдар шығып тұрған.  Жалпы жоспар төмендемеген. Мекеме карантин кезінде көптеген тұтынушыларға, яғни тауар жіберумен айналысатын фирмаларға жеңілдіктер жасағанын да айтып өтті.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *