Қасиетті Рамазан айының Қадір түніне орай Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Қажымұқан қажы Ғилмановтың бастамасымен, наиб имам Саят Қанатқалиұлының ұйымдастыруымен 100 отбасыға азық-түлік қоржыны таратылды.
Төтенше жағдай жарияламастан бұрын да мешіттеріміз осы бағытта өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Бүгінде дін жанашырлары «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын жүргізу арқылы демеуші азаматтардың көмегімен азық-түлік, қаржылай қолдау, бетперделерді тегін тарату жұмыстарын кеңінен атқарды.
Осы бағыт бойынша қазіргі таңда имамдар қарқынды жұмыс істеуде. Күніне 50-ден астам адамға тұрақты түрде ауызашарлар беріледі. Тегін 300 бетперде таратылды. Осы атқарылған шаруалардың барлығы имамдарымыздың қажырлы табандылығы мен қайырымды жандардың қолдауы арқылы іске асып отыр. Осы жолғы қайырымдылық көмек қала, аудан, ауылдардағы отбасыларға жеткізіледі.
Осы бағыттар бойынша 100 шаңыраққа азық-түлік қоржыны таратылып, сауапты істердің қатары артты. Мешіттің бас имамы Қажымұқан қажы Елтайұлы игі істерге атсалысқан жомарт жандарға алғысын жеткізді.
ҚМДБ БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі