Тілсіз жаудан сақтаныңыз!

Өрттің қауіпті кезеңі басталғаннан бері ағымдағы жылы облыс аумағында жалпы ауданы 1130 га болатын үш орман өрті мен 104 табиғи жанулар тіркелді.

Жанудың негізгі себептері – тұрғындардың отпен абайсыз болуы, құрғақ шөптерді рұқсатсыз жағу. Карантиндік шектеулердің бірте-бірте әлсіреуіне байланысты өрттердің көрсетілген себептеріне халықтың табиғатқа жаппай шығып, от жағыпғ темекі шегуі әлі де қосылады. Сондықтан табиғи өрттер мен жанудың алдын алу мәселесі басым сипатқа ие.

Апта сайын БҚО ТЖД және БҚО ДП ЖПҚ-нің мобильді топтары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында елді мекендер мен саяжай алқаптарына патрульдеу жүргізеді. Осындай іс-шаралар барысында қоқыстарды өртеу, от жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-іне сай 111 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кей жағдайларда балалардың тілсіз жаудың құрбан болуы ерекше алаңдаушылық тудырады. Ауа райының жылынуымен және карантиннің әлсіреуімен балалар уақытының көп бөлігін көшеде өткізеді. Ата-аналар тарапынан тиісті көңіл бөлінбейтін жағдайда достарымен бірге от жағып көріп, оның соңы үлкен өртке ұласуы мүмкін.

Қалыптасқан жағдайды айтарлықтай өзгерту қажет, әрқайсымыз бар проблеманың маңыздылығын түсінуге тиіспіз. Өйткені, басым жағдайда біз өзіміз кінәлі болып табыламыз. Дәлірек айтқанда, біздің беймәлімдігіміз бен мәдениетсіздігіміз. Тек өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау арқылы ғана өрттің алдын алып, қатерге жол бермеуіміз мүмкін.

Е.А.ТУРЕГЕЛДИЕВ

БҚО ТЖД ЗҚҚААҚСББ бастығы,

азаматтық қорғау подполковнигі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *