Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2020 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметі туралы ақпарат


Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес 2020 жылдың 3 айында негізгі бағыттар: республикалық және жергілікті бюджеттер орындалуының ҚР заңнамасына сәйкестігі аудиті; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы бойынша жұмыстар жүргізілді.

        2020 жылдың 3 айында Департаментпен 24 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінде 49 аудит объектісі бойынша 49 аудиторлық іс-шара жүргізілді, бақылаумен қамтылған қаражат сомасы 3 841 388,5 мың теңгені құрады.

              Аудиторлық іс — шаралардың қорытындысы бойынша 16 075 854,2 мың теңге сомасында бюджеттік және өзге де заңнаманың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар —   2 631 754,7 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар — 13 444 099,5 мың теңге.

           2020 жылдың есепті кезеңінде анықталған сомадан 14 491 765,1 мың теңге қалпына келтірілді, өтелді, есеп бойынша көрсетілді және сәйкестікке келтірілді, оның ішінде: тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен 89,2 мың теңге қалпына келтірілді, бюджет кірісіне         53 396,2 мың теңге өтелді, 2 576 891,2 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша көрсетілді, 11 861 388,5 мың теңге сәйкестікке келтірілді.

       Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының               1 197 527,1 мың теңгеге бұзушылықтары анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы 39 ұсыныс енгізілді.

        Жол берілген бұзушылықтар үшін тексерілген объектілердің 22 қызметкері тәртіп жазасына тартылды.

        Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 645,6 мың теңгеге 2 аудит материалы, оның ішінде 1 аудит материалы бойынша қылмыстық іс қозғалды, материалдар сотқа жолданып, сот үкімімен мекеменің бас есепшісі 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. 

Бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес бюджет және өзге де заңнаманы бұзғаны үшін 25 лауазымды тұлғаға 1 330,4 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып толықтай бюджет кірісіне өндірілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *