Ардагерлерге мерекелік көңіл күй сыйлауда

Бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл.  Айтулы мерекеге орай майдангерлерге құрмет көрсетіліп, Орал қаласында бірқатар шаралар өтуде.

 Қастерлі мерекеге орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасы бірлесе отырып, Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлерді құттықтауға үйлеріне барды.

Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармония ұжымының әртістері ардагерлерге мерекелік көңіл күй сыйлауда.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *