Ержүрек батырлардың ұрпағымыз

Биыл — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл. Қан майданда от кешіп, елін қорғаған майдагерлерге тағзым ететін күн. Осы күні сұрапыл соғыста елі мен жері үшін күрескен батырларымызды еске алып, мақтан тұтуымыз қажет. Сол ардагерлердің қатарында біздің жерлесіміз, Жаңақала ауылының тумасы  Махат Спашев бар.

Махат Спашев – 1918 жылы 9 қыркүйекте Орал облысы , Жаңақаланың №9 ауылында дүниеге келген.Ұлы Отан соғысының ардагері. 1943 жылы  25 жасында майданға аттанған. Ленинград майданында атқыштар дивизиясында зеңбірікші қызметін атқарған.1943 жылы Ленинград шайқасында ауыр жарақат алып, 1945 жылы елге оралған.

Отан үшін от кешкен  атамыз «Ерлігі үшін»-(1968 ж.), I -дәрежелі Отан соғысы орденімен (1985 ж.), «СССР Қарулы күштерінің -60 жылдығы», бірнеше мерекелік медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бейбітшілік жылдары Тасқала ауданы, Шежін  ауылының дамуына адал еңбегімен үлес қосқан сыйлы жан.

Жолдасы Айсұлумен отау құрып, төрт ұл, екі қыз тәрбиелеген — үлгілі жанұя. Атамыз өзінің балалары мен немерелеріне өзінің басынан өткен оқиғасын жиі айтып отырған. Сондай әңгімесінің бірін баласы Абат бізге әңгімелеп берді:

«Бастапқы кезде әскери дайындық орталығынан кейін, Ленинград майданында атқыштар дивизиясында,  пулеметші қызметін атқарған.1943 жылы  Ленинград шайқасында ауыр жарақат алғанан кезде әскери госпитальда бір орыс әкеме «Немістер бірінші пулеметшілерді жояды , сені сондықтан оққа ұшқансың» деп айтыпты. Одан кейін жарақат алған әкем жаяу әскердің қатарына қосылған» деп естеліктен сыр шертті.

Осындай беделді әрі ардақты жанның жерлесі екенімізді мақтан етуіміз керек. «Ешкім ешқашан ұмытылмайды!» дегендей бізге бейбіт өмір сыйлаған жандардың ерлігін ұмытпай , Отанға деген дәл сондай махаббатты санамызға құю – біздің міндетіміз!

Еңлік Серікқали,

«Арман» балалар аула клубының тәрбиеленушісі

    

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *