Оралдағы Шаған полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары төтенше жағдай талаптарын бұзу фактісін анықтады деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, тәртіп сақшылары сәуірдің 22-сі күні кезекті тексеріс кезінде төтенше жағдай талаптарын бұзып, саудамен айналысқан тұлғаларды ұстаған. Тексеріс барысында Жәңгірхан көшесі 160/4 мекенжайындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратының 2-қабатында Тәжікстан және Ресей елінің 9 азаматы енбір құжатсыз киім-кешек сату үстінде қолға түскен.
Нәтижесінде карантин тәртібіне бағынбаған азаматтарға ҚР ӘҚБТК-нің 476-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданған. Сот үкімі де шығарылған, енді кінәлілер өз жазаларын өтейді.
Өз тілшіміз