Қазақстанда коронавирус індетінен 5 адам емделіп шықты деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. Індеттен жазылған науқастардың біреуі – Батыс Қазақстан облысынан.
Жұқпалы дерттен емделіп шыққан азаматтардың біреуі – Қызылорда, біреуі – Батыс Қазақстан облысы, екеуі – Түркістан, біреуі – Жамбыл облыстарынан.
Жалпы Қазақстан бойынша жазылғандар саны 682-ге жетті. Олар:
Нұр-Сұлтан қаласы – 214
Алматы қаласы – 96
Шымкент қаласы – 23
Ақмола облысы – 31
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 9
Атырау облысы – 47
Шығыс Қазақстан облысы – 6
Жамбыл облысы – 43
Батыс Қазақстан облысы – 7
Қарағанды облысы – 37
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 100
Маңғыстау облысы – 4
Павлодар облысы – 2
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 26
Өз тілшіміз