«Қазгидромет» РМК Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды «BAQ.KZ» сайты.
Бүгін, яғни 25 сәуір күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ал Орал қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ға жетеді.
Сонымен қатар Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Түнде солтүстікте 3 градус үсік күтіледі. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ға жетуі мүмкін.
Ақмола облысының түнде кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-18 м/с-ға жетуі ықтимал. Түнде ауа температурасы кей жерлерде минус 3 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.
Көкшетау қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Дереккөзі: «BAQ.KZ»