Оралда арнайы әскери жиын басталды

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Оралда әскери міндеттілердің арнайы жиыны басталды деп хабарлайды БҚО қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай Орал қаласы әкімінің шешімімен облыс орталығынан және Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Жәнібек, Теректі, Тасқала аудандарынан барлығы 94 әскери міндетті азамат ағымдағы жылдың 24 сәуірінен бастап отыз тәуліктік мерзімге дейінгі арнайы әскери жиынға шақыртылды. Олар Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен салалық бөлімдерінің медициналық тексерісі арқылы іріктелді.

Әскери міндеттілер қала аумағындағы және Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Жәнібек, Тасқала, Теректі аудандарындағы блок-бекеттерде қызмет атқарады, сондай-ақ патрульдеу, дезинфекциялау жұмыстарына тартылады. Арнайы жиынға шақырылған әскери міндеттілер толықтай әскери киіммен қамтамасыз етіліп, олардың жұмыс орны мен лауазымы сақталады. Ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі айлық көрсеткіш (42500 теңге) көлеміндегі жалақы қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін төленеді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *