Кітапхана шақырады

Кітапхана ісі заман талабына сай күрделеніп, әр қызмет аясында жаңа технологияларға негізделген белестердің орын алуы кітапханашылардың жұмысында жаңа бетбұрыс қалыптастыруда.           Қоғам алдында өз ісін шынайы сүйіспеншілікпен атқаратын кітапханашылар жаңа серпінді бастамалар жасауда.

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Орал қалалық кітапханасы оқырмандарға қашықтан қызмет көрсету әдісіне көшті.                 Білім мен ақпараттың қайнар көзі болып табылатын кітапхана әлеуметтік желілердегі парақшаларында оқырмандардың  таным көкжиегін кеңейтетін түрлі жобалар ұсынуда. Атап айтсақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Қазақтың дара туған данасы», Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған «Өлең сөздің зергері Қадыр ақын» атты онлайн викториналар, ақындардың шығармашылығын интернет кеңістігінде насихаттауға арналған «Менің сүйікті ақыным…» поэзиялық онлайн байқауы, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір алысуға арналған «Үздік коммент» онлайн байқауы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ақындардың Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған өлеңдерін оқудан «Жеңіс жыры» челленджі, «Қазір мен соғыс туралы кітап оқып жатырмын» онлайн сауалнамасы жүргізілуде.

Оқырмандарымызды халық даналығының қазынасы мақал- мәтелдермен  сусындататын «Отбасымызбен мақал жаттайық» айдарымен,  көпшілікке таныс емес  мақал-мәтел топтамасы беріліп отыр. Қазіргі жағдайда дәрігерлердің зор еңбегіне қолдау көрсету мақсатында «Ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамыз» онлайн акциясына оқырмандар шынайы тілектері мен алғыстарын жолдауда. Сонымен қатар желідегі оқырман назарына «Кітапханашы ұсынады», «Ертегі оқып берейін», «Балаларға базарлық», «Кітап сөресінде», «Оқырман ұсынады» т.б. қызықты жобалар, айдарлар мен ақпараттар ұсынылып отыр.

Кітапхана ұжымы елімізде басталған «Біз біргеміз» акциясына  белсене қатысып, бетперде тігіп, оны таратуға өз үлестерін қосып келеді. Үйден қызмет көрсету жұмысын кітапхананың еріктілер тобы қолға алып,  кітапхана филиалы соғыс, тыл ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға,  үйден шыға алмайтын үлкен кісілерге, өз аудандары бойынша   оқырмандардың  үйлеріне  сұраныстарына қарай  кітап, мерзімді басылымдар апарып,  тегін бетперделер  таратты.

Жанға азық, рухани байлық іздеген барша қала тұрғындарын кітапхананың инстаграмдағы ora_qalalyq_kitaphana, фейсбуктегі «Орал Қалалық Кітапханасы», ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Центральная городская библиотека г. Уральск парақшаларына жазылуға шақырамыз.

Орал қалалық  кітапханасы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *