Оралда жаңа бағдаршамдар қойылды

Қаладағы Еуразия даңғылы бойындағы «Ғылыми-техникалық кітапхана аялдамасы» мен Гагарин көшесіндегі №22 орта мектепке қарсы  реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерді шақыру құрылғысы бар бағдаршамдар қойылды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қос бағдаршам ағымдағы жылдың 27 сәуірінде пайдалануға берілетін болады. Бұл іс-шаралар 2019-2021 жылдарға арналған жол қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шаралар аясында жүзеге асырылған.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы аудандарда орналасқан жасанды жол өткелдері жаяу жүргіншілер бағдаршам қосу үшін сигнал беру батырмаларын пайдалануға әбден дағдыланғанша жұмыс істей береді. Осыған байланысты полиция қызметі жүргізушілерді көрсетілген жол учаскелерімен жүру кезінде ерекше назар аударуға және жаяу жүргіншілерді өте сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ аталған аудандардың тұрғындарына балаларына бағдаршамды пайдалану ережелерін түсіндіріп, жол қауіпсіздігін сақтау ержелерін түсіндірулері сұралады.

Өз тілшіміз (сурет ғаламтордан алынды)

 

 

 

 

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *