Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен құқық қорғау органдарының аймақтық қылмыстылығын, оның ішінде төтенше жағдай режимін төмендету бойынша үйлестіру шаралары қолданылуда. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ прокурорлық қадағалау бойынша уәкілетті және құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіру шараларымен төтенше жағдай енгізілгеннен бастап облыста қылмыскерлік 7,8%-ға, оның ішінде орташа ауырлықтағы түрі 28,6%-ға, ауыр емес түрі 29,4%-ға төмендеген. Төтенше жағдай кезінде аса ауыр қылмыс тіркелмеген. Ал тонау 75%-ға, ұрлық 21,6%-ға, алаяқтық 25,8%-ға, қорқытып алу 50%-ға қысқарған.
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 32%-ға азайған.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты облыс прокуратурасы азаматтарды үрейленбеуге, тыныштық сақтауға, құқық тәртібін сақтауға, уәкілетті органдардың талаптарын орындауға, белгіленген тыйым салу және шектеу шараларын орындауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға, тек ресми ақпарат көздерін басшылыққа алуға шақырады.
Облыс прокуратурасы тарапынан бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, жекелеген азаматтар төтенше жағдай режимінің белгіленген шектеулерін бұзуды жалғастыруда. Бүгінгі таңда облыс бойынша белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді бұзудың 153 фактісі анықталған. Нәтижесінде сот 45 адамға қатысты 2-ден 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу шарасын қолданса, 40 азаматқа айыппұл салған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде коронавирусқа байланысты жалған ақпаратты тарату фактілері бойынша төрт адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жұқпалы дерт жұқтырған тұлғалардың сауалнамалық деректерін таратқаны үшін үш қылмыстық іс тіркелген.
Өз тілшіміз