3 млн-нан астам оқушы қашықтан білім алады

Бұл туралы еліміздегі төтенше жағдай  кезінде  мектеп оқушыларының IV тоқсанда қашықтықтан оқу жүйесі тақырыбын ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов онлайн брифингі барысында атап өтті. 

6 сәуірден бастап 3 млн-нан астам мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді. Оқыту жүйесі бірнеше тетік бойынша жүргізілетін болады.

Біріншіден «Балапан» және «Ел Арна» телеарналары арқылы жүргіземіз. Екі тілде өтеді. Күніне сегіз сағаттан эфирді алып отырамыз. Жалпы кесте дайын. Ол кестені БАҚ-не беріп, ата-аналар мен ұстаздарға, мектептерге тараттық. Әр видео сабақ 10 минутқа жоспарланды. Қазіргі уақытта осы бейне сабақтарды түсіріп жатырмыз. Бүгінге дейін 500-ге жуық бейне сабақтар түсірілді-деді Асхат Аймағанбетов.

Барлық ең басты деген пәндер қамтылған жалпы саны 3360 бейне сабақты құрайды. Брифинг барысында бейне сабақтар мемлекеттік стандарттар мен типтік оқу жоспарына, оқулықтарға, оқу бағдарламасына сәйкес келетіндігі аталып өтті.

Балаларымыз солай білім алатын болады. арналарда берілген тапсырмаларды орындайды. Мұғалімдер тисінше, кері байланыс орнататын болады. Бұл тетік бойыша интернеті жоқ оқушылар оқиды. Ал интернеті бар оқушылар қосымша ретінде пайдалануға болады. Көбінесе интернеті жоқ балаларға осы телеарнадан тамашалаған тиімдірек деп санаймыз. Осы барлық түсірілген 3360 видео сабақтар біз міндетті түрде интернетке саламыз. Сонда интернеті бар оқушылар керек уақытта қарап, дайындала алады- министр.

BAQ.KZ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *