Еліміздегі төтенше жағдай кезінде мектеп оқушыларының IV тоқсанда қашықтықтан оқу жүйесін радио және почта арқылы таратылуын ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов онлайн брифинг барысында атап өтті, — деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Теледидардан бөлек оқушылар радиодан да керекті материалдарды ала алады. Ол үшін арнайы аудио сабақтар да дайындалған.
Қазақ радиосы арқылы бұл механизм қосымша құрал ретінде іске асырамыз. Тиісті аудио сабақтарды қазақ радиосына беріп жатырмыз. Радионы теледидар жоқ, қосымша құрал ретінде біздің оқушыларымыз өздері қолданып, сабаққа дайындала алады-деді министр.
Сонымен қатар министр брифинг барысында оқушылардың почта арқылы да білім алуларына болатындығын ескертті.
«Қазпочта» АҚ-мен келісімге қол қойдық. Бүгінгі таңда мектептері жоқ елді-мекендері бар. Олардың саны 1200-ге жуық. Әрі кетсе ондай мекендерде 5-7 бала ғана бар. Балаларды біліммен қамту почта байланысы арқылы жүретін болады. Яғни, тапсырмалар почтаға салынады-деді спикер.
Қазіргі таңда қаланың өзінде ғана 2 млн-ға жуық бала оқиды. Ал аудандық жерлерде 500 мыңға жуық оқушы білім алуда. Олардың барлығында интернет бар деп айтуға келмейді. Сондықтан министр кейбір жанұяларға интернет және компьютермен қамтамасыз етіп жатқандығын тілге тиек етті.
Әрине, 2,5 млн баланың барлығы интернетпен оқиды деп ойламаймыз. Себебі біреуінде интернет болмаса, енді біреуінде компьютер жоқ. Осы тетік бойынша екі үлкен проблема бар. Біріншісі компьютердің жетіспеушілігі, енді біреуі интернетке қосылу мүмкіндігінін болмауы. Тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Кейбір балалардың үйлеріне мектептегі компьютерлерді апарып бердік, қазіргі уақыта 120 мың компьютер оқушыларға беріліп отыр. Жергілікті биліктің нұсқауы бойынша 79870 компьютер сатып алынды. Қалада тұрса да мүмкіншілік жоқ отбасыларға 4220 роутер таратып, интернет қостық-деді өз сөзінде Асхат Аймағанбетов.