«Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген»

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен «БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал және медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібінің жаңа тәсілі» тақырыбындағы баспасөз мәжілісінде БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов осылай деді.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, бүгінде өңірде жалпы 5382 орындық 20 бақылау нысаны орналастырылған. Ол жерлерге 110 дәрігер, 221 орта және 187 кіші медициналық қызметкер, сондай-ақ Орал жоғары медициналық колледжінен еріктілер жұмысқа тартылған.

– Жедел медициналық қызмет тарапынан 20 бригада бөлініп, төрт ауысыммен жұмыс жасауда. Олар барлық сақтық шараларын ұстана отырып, адамдарды жұқпалы аурулар ауруханасына, провизорлық және карантиндік стационарларға жеткізеді. Сонымен қатар науқастарды және олармен байланыста болған адамдарды жеткізуде құқық қорғау құрылымдарымен  бірлесе әрекет ету алгоритмі жұмыс жасайды. Барлық медициналық ұйымдар қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар сатып алуға Үкіметтен жеткілікті қаражат бөлінді. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі де қамтамасыз етілген, олар арнайы киімдермен алгоритмге сай жұмыс жасайды, – деді басқарма басшысы.

Күні кеше Мемлекет басшысы коронавирус індетімен күресіп жүрген сала қызметкерлеріне қосымша үстеме ақы төлеу жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Амангелдіұлы Үкіметтің тапсырмасына сай батысқазақстандық дәрігерлерге де белгіленген санаттар бойынша жалақыларына  қосымша үстеме ақы төленетінін айтты.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *