Облыс аумағында азаматтардың өмір қауіпсіздігі мен коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында 31 наурыздан бастап карантиндік режім енгізілді. Осы ретте оралдық полиция қызметкерлері де күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.
Бұл туралы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жалпы елімізде төтенше жағдай режімі мен карантин жариялаудағы басты мақсат – қауіпті індеттің таралып кетуін тоқтату. Сондай-ақ, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау да – басты назарда. Оралдық тәртіп сақшылары қала көшелерінде патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақыруда. Азаматтардан төтенше жағдайға байланысты қала көшелерінде көп жүрмеулерін талап етуде. Әрбір тұрғынмен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Өз тілшіміз