Коронавирус: БҚО-да 260 адам медициналық бақылауға алынған

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Төтенше жағдай кезінде коронавирустың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың қолданатын шаралары мен әрекеттері туралы» баспасөз мәжілісінде мәлім болды.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, облысымызға жұқпалы індет таралған қауіпті елдерден және Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан келген азаматтар сауалнамалар толтырып, медициналық тексеруден өткізіледі.

– Біздің өңірімізде эпидемиологиялық ахуал қалыпты, коронавирус жұқтырған науқас тіркелмеді. Облыс аумағына әуе, темір жол рейстерімен және көлікпен келген азаматтар тексерілуде. Қазір облыс бойынша 260 адам медициналық бақылауға алынды. Оның 79-ы карантинге жатқызылды, қалған 181-і үйлеріне оқшауландырылды. Сонымен қатар Оралға 25 наурыз күні Франкфурт қаласынан ұшып келген сегіз жолаушы да оқшауландырылып, медициналық бақылауға алынды, – деді департамент өкілі Нұрлыбек Ермекұлы.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *