Ауданда — жаңа әкім

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен меритократия қағидасына сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімі лауазымына Марат Тоқжанов тағайындалды деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Марат Лұқпанұлы 1965 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясы мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі», «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 1990 жылы Сәтбаев қаласындағы мектеп-интернатының мұғалімі болып бастаған ол әр жылдары:

− Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының саяси тарих кафедрасының ассистенті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің археология институтының аға ғылыми қызметкері;

− Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;

− ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік материалдық қор бойынша комитетінің бөлім басшысы;

− ҚР Әділет министрлігінің ішкі әкімшілендіру департаментінің бақылау бөлімінің басшысы;

− Теміртау қаласындағы әділет басқармасының басшысы;

− Орал қаласы әкімінің орынбасары;

− БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі;

− БҚО білім басқармасының басшысы,

– БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы;

− БҚО әкімі аппаратының басшысы;

− БҚО әкімінің орынбасары;

− ҚР кәсіподақ ұйымдары федерациясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы тағайындауына дейін Марат Тоқжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *