ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенген «ҚазАқпарат» сайты елімізде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 52-ге жеткенін хабарлады.
Атап айтқанда, 20 наурыз күні сағат 22.00-дегі жағдай бойынша Елордада коронавирус жұқтырған тағы 3 жағдай тіркелген.
Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 52 болды. Оның ішінде Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 28 және Қарағандыда – 2 жағдай.