Тапсырмалар талқыланды

Орал орталық мешітінде өткен жиында мешіт ісі мен діни қызметтің сапасын арттыру, ҚМДБ тарапынан жыл басында берілген тапсырмалардың орындалу барысы талданды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев өткізген басқосуға орталық мешіттің дін қызметкерлері, Орал қалалық мешіттерінің  бас имамдары, наиб имамдары, азаншылары қатысты.

Облыс имамы өз сөзінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен атқарылған игі істерге тоқталып, әрі осы жолда аянбай тер төгіп жүрген дін қызметкерлеріне алғыс білдірді. Жиын барысында ҚМДБ мен Орал орталық мешітінен берілген тапсырмалардың орындалу есебі қаралып, мешіт имамдарының этикалық ұстанымы мен тұлғалық келбеті, әр имамға тапсырылған есептері тілге тиек етілді.

   Сондай-ақ  ҚМДБ-ның отыз игілікті шарасы, мешіттің ішкі-сыртқы тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағартушылық және шаруашылық жұмыстарын жандандыру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Бас имамға дін қызметкерлері толғандырған сауалдарын жолдап, ортақ шешімге келді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ БҚО өкілдігінің баспасөз қызметкері

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *