Бүгін ағымдағы жылғы «Көктем-2020» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығу аясында Шаған су қоймасының дайындығы тексерілді.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша делдал подполковник Б. Әбдіқадыров Батыс Қазақстан облысы бойнша «Қазсушар» филиалы мен ТЖ Департаменті өкілдерімен Шаған су қоймасындағы гидротехникалық құрылысының су тасқыны кезеңінде суды қабылдауға дайындығын тексерді.
Шаған су қоймасы Орал қаласының аумағында Шаған өзенінде орналасқан, 1965 жылы пайдалануға берілген. Құрылыстың жағдайы қанағаттанарлық. Оның негізгі мақсаты – суармалы және балық шаруашылығы. Жалпы гидротехникалық құрылысы бар су қоймасы 2020 жылғы көктемгі кезеңде еріген суды қабылдауға және өткізуге дайын.
Орал қаласының ТЖ басқармасы