Бүгін Орал қаласының мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері арасында спартакиада басталды.
Ақпан айының 25-28 күндері өтетін спартакиадаға 150-ге жуық қызметкер қатысуда. Аталған шараға 50 ұйым арасынан іріктелген, алты аймаққа біріккен «Бірлік», «Өрлеу», «Арай», «Арман», «Парасат» және «Бастау» желілік қауымдастықтары қатысып жатыр.
Спартакиаданың ашылу салтанатында Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Артур Шергалиев қатысушыларды жарыс басталуымен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
Жыл сайын өткізілетін спартакиада биылғы жылы да спорттың 7 түрі волейбол, тоғызқұмалақ, керлинг, үстел теннисі, шахмат, дойбы және бас асық ату ойындарынан тұрады. Жарыс соңында әр спорт түрінен үздік шыққан ойыншылар және команда анықталатын болады. Жеңімпаздар медальдармен, диплом және ауыспалы кубокпен марпатталмақ.
«PULS» ақпарат