Біздің мемлекетіміз, әлемнің басқа да көптеген елдері сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Қазақстан — сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған ТМД-ның алғашқы мемлекеттерінің бірі.
Қазіргі уақытта Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту жолымен Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін анықтайды.
Жүргізілген жұмыстың тиімділігі үшін жыл сайын Төтенше жағдайлар бойынша аумақтық органдарда сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда, сондай-ақ, тұрақты негізде сенім телефондары жұмыс істейді. Көзделген шараларды іске асыру мемлекеттік органдар мен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін жандандыруға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың басымдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдайлар жөніндегі органдардағы лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері мен әрекетсіздік фактілері туралы Сіз келесі сенім телефондары нөмірлеріне хабарласа аласыз:
8(71139) 22444
ҚР ІІМ БҚО ТЖД «Тасқала ауданы ТЖБ» РММ