Бүгін Оралда еңбек және спорт ардагерлері арасында спартакиада бағдарламасы бойынша шаңғы тебуден жарыс өтті.
Шараға ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жиырмаға жуық ардагерлер қатысты. спартакиада ардагерлер арасында дәстүрлі түрде жыл сайын спорттың 12 түрінен ұйымдастырылады. Олар спорттың шаңғы, жеңіл атлетика, үстел теннисі, бильярд, велоспорт, шағын футбол, волейбол, дойбы, пневматикалық мылтықпен ату, шахмат, тоғызқұмалақ және дартс түрлерінен өзара сынға түседі.
Шаңғы жарысы биылда тартысты өтіп, ардагерлер жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Жеңімпаздар ерлер мен әйелдер арасында 63 жасқа дейін және 63 жастан жоғары жас ерекшелігінде марапатталды.
Алпыс үш жасқа дейін әйелдер арасында Ирина Храмцова жеңіс тұғырынан көрінсе, 63 жастан асқан әйелдер арасында Надежда Сонникова бірінші боп келді.
Ал 63 жасқа дейінгі ерлер арасында бірінші орынды жоғары дайындығын көрсетіп 1000 метр қашықтықты 6:12 минутта жүріп өткен орынды Владимир Мельников иеленді. Екінші болып 17 секунд айырмашылықпен Жанболат Үмбетқалиев келсе, ІІІ орынға Бақытжан Ақжанов табан тіреді.
Спорттық жарыста 63 жастан асқан ерлер арасында Юрий Седыx үздік болып, бірінші орынға ие болды.
Сондай-ақ спартакиада жарыстарынан қалмай, үнемі қатардан табылатын 89 жастағы белсенді қатысушы Алексей Победимовке ұйымдастырушылар атыынан арнайы медаль табысталды.
Гүлзинат ҚИБАТОВА