Ағымдағы жылдың қаңтар айы боран болуына байланысты аз уақыттың ішінде Сырым ауданында төтенше жағдайларды тудыратын оқиғалар орын алуда.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жүргізушілер жолға шығып, республикалық маңызы бар «Самара — Шымкент» тас жолында көліктерінің тұрып қалуларына байланысты ұялы телефон арқылы хабарласып көмек сұраған оқиғалар орын алды. Бізге түскен хабарлар бойынша жолда автокөліктердің сынып қалуы, жол тайғақ күндері жолдың жанына түсіп кетудің екі оқиғасы, боран және тұман күндері көліктер соқтығысуының оқиғасы тіркелді.
Осыған байланысты Сырым ауданындағы Төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бекеті, жергілікті атқарушы органдар, ауылдық округ әкімдері, жол-патрульдік қызметкерлері, №39 жол пайдалану учаскесі қызметкерлері өздерінің міндеттері бойынша дереу жұмыс жұмыстанып, уақытында адамдарды жылыту пунктеріне көшіріп, жолдарды тазартып, автокөліктерді жолдың жанынан шығарды. Барлық ұялы телефондар, радио, теледидардан ауа-райының қолайсыздығы және тас жолдың жабылғаны жөнінде хабар уақтылы жіберіліп тұрса да, ауа-райы қолайсыз күндеріндегі ескертулерге қарамастан жолаушылар жолға шығуларын тоқтатпауда.
Сырым ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі баршаңызға қыс айларында ауа-райы қолайсыз күндері, ұялы телефоныңызға «112» нөмірінен хабарлама келсе:
- алыс сапарға шықпай үйде болуларыңызды;
- қауіпсіздік шараларын ұстануға;
- жолдан адасып кеткен жағдайда немесе басқа да төтенше жағдайларға тап болсаңыз дереу «101» және «112» нөміріне хабарласуларыңызға кеңес береді.
Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі