Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Желаев селолық округінде жаңа әкім тағайындалғанын хабарлады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2020 жылдың 28 қаңтарында Желаев селолық округі әкімінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Желаев селолық округінің әкімі болып Бисимбалиев Арман Тілекешұлы тағайындалды.
Арман Тілекешұлы – 1977 жылы 25 желтоқсанда туған, бұған дейін Орал қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы лауазмын атқарған.