Тұмауыңызды асқындырып алмаңыз…

Тұмау – жіті респираторлық вирустық инфекцияның бір түрі, алайда ол осы топтағы басқа  аурулардан бөлек қарастырылады.

Тұмау өзінің асқынуымен-ақ өте қауіпті. Міне, сондықтан да тұмаумен ауырған кезде кішкентай балалар, қарт адамдар, сонымен қатар созылмалы ауыр жүрек және өкпе ауруларымен сырқаттанатын науқастар үлкен қатерде болады.

Науқастың бірнеше күн дене қызуы көтеріліп, тамағы қабынады, жөтел пайда болып, басы ауырады. Ең кең тараған респираторлық ауру – тұмау (жіті ринит) болып табылады

     ЖРВИ және тұмаудың қайталануы балаларда созылмалы бронх-өкпе патологиясының қалыптасуына ықпал етеді, гайморит, тонзиллит, отиттердің пайда болуына итермелейді; аллергиялық патологияны қалыптастырады, психомоторлық және физикалық дамуының тежелуіне себеп болуы мүмкін, жүрек және қан тамырлары ауруларын қоздырып, екінші реттік иммуносупрессияның пайда болуына әкеледі.

Сондықтан осындай салдарды болдырмау немесе азайту үшін тұмаудың  алдың алу – өзекті мәселе.

Профилактикасы

ЖРВИ профилактикасы жалпы сауықтырудан, таза ауада шынығу, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу, шаңғы, коньки тебу, жүзу, толыққанды, дәрумендерге бай тағамдарды қолдану арқылы ағзаны нығайту және иммунитетті көтеруден тұрады, ал қыстың соңы мен көктемнің басында — табиғи текті дәруменді препараттарды орынды қолданған абзал. Инфекция ушығып тұрған кезде көпшілік қатысатын шараларға баруға шектеу қою керек, әсіресе жабық бөлмелерде, науқаспен тығыз қарым-қатынас жасамау және қолды жиі жуу керек. Дәл осы ережені науқастар да сақтауы тиіс: уақытша еңбекке жарамсыыздық қағазын алып, көпшілік орындарға бармай, дәке таңғыш тағып, қоғамдық көлікті аз пайдалануға тырысуы қажет.

Тұмау және ЖРВИ дербес профилактикасы үшін 0,25% оксолин сықпамайын пайдалану қажет. Оны мұрын жолдарының  сілемейлі  қабығына күніне бірнеше рет жағып қою керек. Ол ауру мүмкіндігін  төмендетеді. Сықпамайды үйден шығар алдында және науқаспен тікелей байланысқа түсу алдында жағып алсаңыз, оның тиімділігі жоғары болады.

Сонымен, барлығы ата-анаға байланысты. Балаңыздың күн тәртібін қадағалаңыз.

Тұмау профилактикасы үшін ең кең тараған әрі қолжетімді құралдардың бірі – мақта-дәкелі таңғыш (маска).

Вакцинация

Тұмаудың алдын алудың жалғыз ғана арнайы әдісі – екпе (вакцинация) екені бүгінгі күні дәлелденген. Тұмаудың алдын алуда қорғаныстың алдыңғы қатарында екпе тұратыны  мәлім.

Б.КАБИЕВА,

Орал қалалық №3 емхананың

әлеуметтік-психологиялық  көмек  көрсету 

және  алдын алу бөлімінің меңгерушісі 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *