Екі күнде 440 адамды тексерді

Қылмыстық жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 2020 жылғы 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында республика аумағында «Тұрмыс» жедел профиликтикалық іс-шарасы өтуде.

ЖПІШ-нің мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, «қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», «маскүнем», «нашақор» және қолайсыз отбасылар санаттары бойынша есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 100% қамту арқылы тексерулер жүргізу болып табылады.

Қазіргі уақытта осы санат бойынша ІІО-да есепте тұрған азаматтар саны — соның ішінде қорғау нұсқамасы берілген тұлғалар – 256, құқық бұзушының мінез — құлқына ерекше талап қойылған тұлғалар – 52, 402 кәмелетке толмаған тәрбиеленетін қолайсыз отбасы – 217, маскүнем санатына жататын тұлғалар – 1325,  нашақор саны – 319.

«Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасының екі күн ішінде полиция қызметкерлері 440 адамды тексерді, оның ішінде 81-і қорғау нұсқамасы белгіленген тұлғалар, 23-і ерекше талаптар белгілегендер, 159 — маскүнем, 27-нашақор және 84 — қолайсыз отбасы мүшелері тексерілді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 153 фактісі бойынша келесі шаралар қабылданды: 43 қорғау нұсқамасы шығарылып, құқық бұзушылық тәртібіне 6 ерекше талаптар орнатылды және 104 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстың ІІО қызметкерлері денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде зардап шегіп, медициналық мекемелерге жүгінген азаматтарды анықтау бойынша жұмыстар ұйымдастырды.

Батыс Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ІІО-да есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасы мүшелерімен жұмыстану ісіне ҮЕҰ мен волонтерлер тартылды.

Осылайша, 2020 жылғы 22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, ерікті волонтерлерді тарту арқылы Орал қаласының аумағында тұратын қолайсыз отбасыларды тексеруді ұйымдастырды. Волонтерлік топтар өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға спорттық секцияларға, үйірмелерге қатыстыра отырып көмек көрсетті. Есепте тұрған ата-аналар мамандар әр түрлі кеңестер алды.

 БҚО ПД ЖПҚБ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *