Алматы маңында болған қайғылы оқиға барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды.
Жұма намазында Ақжайық жұрты «Орал» облыстық орталық мешітінде жамағатпен бірге Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан бауырлар үшін арнайы дұға жасалды.
«Өмірің босқа кетпесін» тақырыбында жұма уағызын өткізген Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев марқұм болғандарға Алладан кешірім тілеп, апаттан аман қалғандар үшін дұға жасады.
«Мұсылманның өзге мұсылманның алдында міндеттері бар. Соның бірі – мұсылман бауыры үшін дұға жасау, жақсылық тілеу. Апаттан аман қалғандар үшін шипа сұрау, ал марқұм болғандарға Алладан мейірім, кешірім тілеу – мұсылманның міндеті. Біз де қасиетті жұма күні апаттан жарақат алған барша бауырларымызға шипа сұраймыз, марқұм болғандардың артында қалған отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз,- деді бас имам.
Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсаны елімізде Жалпыұлттық аза тұтты. Қазақ елің Алла Тағала жақсылықпен қуантуды бұйырсын!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі