Батысқазақстандықтар ұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұтуда

Кеше Алматы қаласындағы ұшақ апатына байланысты орын алған қайғылы  жағдайға орай батысқазақстандықтар да елмен бірге қайғырып, аза тұтуда.

Бүгін қаладағы Абай алаңына ертемен жиналған оралдық жастар аза тұту алаңына гүл шоқтарын қойып, қалың қазақ еліне көңіл айтты. Ұшақ апаты салдарынан ажал құшқан  марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ал зардап шеккендердің отбасыларына аман-сау оралуларына тілеулестік білдірді. Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқаушы Нұрхат Ораштың айтуынша , ерікті жастар басқармаға ұсыныс білдіріп келген екен.

Елімізде орын алған қайғылы жағдайға байланысты батысқазақстандық жастар олармен бірге екендігін білдіру мақсатында осы шараны өткізіп отырмыз, – деді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Ақбота МҰҚСИНОВА, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педогогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы: Кешегі елімізде болған ауыр жағдайға байланысты осы жерге колледж студенттерін әкеліп тұрмыз. Әуе апатында бақилық болған отандастарымыздың тума-туыстарына көңіл айтып, олармен бірге екендігімізді білдіреміз.

Құралай АҚБОЛАТОВА, студент: Батыс Қазақстан облысының жастары атынан елімізде орын алған қайғылы жағдайға қайғырып, көңіл айтамыз. Ұшақ апатынан зардап шеккен отандастарымызың тезірек жазылып кетуін тілейміз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *