Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы Ақсай қаласының «Жарсуат» сауда үйінде сатып алушылар мен сауда үйінің жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі шараларын үйрету мақсатында «Қауіпсіз Жаңа жыл» атты акция жүргізді.
Іс-шара барысында сауда үйі сатып алушылары мен қызметкерлеріне тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі, өрт сөндіру құралын пайдалану, қысқы өрт қауіпті кезеңінде пайданалынатын жылытқыш құралдарға арналған талаптар, облыс аймағында орын алған өрттердің қысқаша статистикасы айтылды.
Шара сатып алушылар өрт қауіпсіздігі мен қызметі туралы мәліметтерге қызығушылық танытып, өртті қандай өрт сөндіру ұнтағымен сөндіретіні, өрт сөндіргіш құралын қайдан сатып алуға болатыны, жанып жатқан адамды қалай құтқаруға балатыны жайлы түрлі сұрақтар қойды.
Сауда үйінің басшысы өз сөзінде: –Осындай профилактикалық жұмыс оң әсер етеді. Сондай-ақ, адамдар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің ұсынымдарына құлақ асса, апаттық жағдайлар аз болады,– деді.
Сонымен қатар тұрғындарға «Көп пәтерлі тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі» және «Абай болыңыз улы газ!» «Өрт болған жағдайдағы іс-қимыл» бетшелері үйлестірілді.
А. Идалиева,
БҚО ТЖД Бөрлі ауданы ТЖБ Бөлім бас маманы
азаматтық қорғау майоры