23 желтоқсан күні сағат 00.52-де БҚО ТЖД дағдарыс жағдайындағы басқармасының «112» нөміріне «Чапаев-Жалпақтал» автотрассасында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен, –деп Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Шақырту келіп түскен кезде «Чапаево» ТМҚП шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы дереу оқиға орнына шыққан. Оқиға орнына жеткеннен кейін, «ВАЗ-21012» автокөлігі жылқыға соқтығысқан. Нәтижесінде 1998 жылы туылған жүргізуші қатты зардап шеккені анықталыпты. Дәрігерлер жүргізушінің бас сүйегінің сынғаны, мидың соғылғаны диагнозын қойды.
ТМҚП бригадасы шұғыл түрде жас адамды эвакуациялап, оған жолда инфузиялық терапия және жасанды оттегін беру, бұл ретте оның жағдайын әр 3 минут сайын тексеру жұмыстарын жүргізе отырып, орталық аудандық ауруханаға жеткенге дейін көмек көрсетті.
Құтқарушылар әрбір минуттың қымбат екенін және жас адамның өмірі қыл үстінде тұрғанын, оны стационарға тез әрі жедел жеткізуге тырысқан. Мақсат – зардап шегушіні жеткізіп үлгеру.
Бригада үйлесімді және кәсіби жұмыс іатқарып, зардап шегушіні дер кезінде Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жеткізді.