Жуырда Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жастар жас режиссер Арайлым Ихсановамен кездесу кешін өткізді.
Басты мақсат – жастар арасында жасампаздық әлеуетін нығайту,адал еңбек иесін құрметтеу,үлгі тұту.
Биыл кітапханада жастар жылына орай ұлттық сананы жаңартып,рухани жаңғырудың қыр-сырын ашатын іскерлік,ұйымдастыру қабілеттерімен қала жұртшылығына,қалың көрермендерге танылып жүрген бірқатар жастармен дидарласу кештері ұйымдастырылды. Солардың бірі – Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі,режиссер Арайлым Жұмабайқызымен өткен «Мамандығым–мақтанышым» атты кездесу кеші.
Кездесу кешінің иесі – халықтың рухани тыныс-тіршілігіне тың серпін беріп,киелі сахна,театр әлемінде жоғары креативті талғаммен,өзіндік қолтаңбасымен зор үлес қосып жүрген жастардың бірі.
Кеш барысында Арайлым мамандығының қызығы мен қиындығы,шығармашылығы жайында әсерлі ойларымен бөлісті. Сондай-ақ қатысушы жастар шара қонағына түрлі тақырыптағы сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарға қанық болды. Кездесу жастардың кітапхана қонағы Арайлым Ихсановамен естелік суретке түсуімен түйінделді.
Гүлзинат ҚИБАТОВА