Жолға шыққанда абай болыңыз!

Қыс жылдың ең қауіпті кезеңі болып табылады. Осы уақытта бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жалғаса алатын температураның күрт ауытқуы, желдің күшті екпіні, қардың қалың түсуімен борандар орын алады.

Негізгі зақымдаушы фактор үсікке, кейде қатып қалуға әкелетін төмен температураның адам ағзасына әсері болып табылады. Бұл туралы соңғы жылдардың статистикасы дәлелдейді. ТЖ бөлімі тұрғындарға қыс мезгіліндегі жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін ескертеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дауылды ескертуді бере отырып (қалың қар жаууы, қатты жел, қар құрсауы туралы):

  • жылы киім кию;
  • елді мекеннен тыс шығуды талап ететін алыс сапарлардан бас тарту;
  • әсіресе ауылдық жерлерге қозғалысты шектеу;
  • үйде қажетті азық-түлік, су, дәрі-дәрмек қорын құру, авариялық жарық дайындау (фонарь шам, май шам);
  • ауылдық жерлерде фермаларда ұсталатын жануарларға қажетті мөлшерде азық және су дайындау қажет. Шалғайдағы жайылымдардағы малдарды жедел түрде жақын маңдағы қыстаққа айдап апару қажет.

Егер Сізге жолда қатты боран кедергі болса, онда жақын елді мекенде күтуіңізге тура келеді. Автокөлігіңізде азық-түлік қоры, термоста ыстық шай болуы қажет.

Қатты боран кезінде автокөлікті жүргізу мүмкін болмаған жағдай да

  • автокөлігіңіздің капотын желге қаратып қойыңыз;
  • әлсін-әлсін автокөлігіңізден шығып, қарды тазалаңыз;
  • газ шығару тұрбасын қар жаппағанына көз жеткізіңіз;
  • Автокөлігіңізді мезгіл-мезгіл жылытып, жанар май қорын үнемдеңіз.
  • егер бірнеше автокөлік болса, ең дұрысы жылыну үшін бір автокөлікті қолданған дұрыс.

                                        

Р. Шукаев6

бас маман Шыңғырлау ауданының ТЖБ

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *