Жастар бірнеше тақырыпты талқылады

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған республикалық пікірсайыс турнирінде Ұлы даланың 10 аймағынан білімді және болашаққа сенімі мол жастар Ақ Жайық төрінде бас қосты.

Турнир барысында Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіруде бүгінгі заманда трендке айналған өнердің бірі комикс сюжеттерін пайдаланудың маңыздылығы қызу талқыға түсіп, келер жылдың «Еріктілер жылы» деп жариялануына байланысты, бұл тақырыпқа молынан көңіл бөлініп студенттер тарапынан көптеген идея айтылды, сонымен бірге әлемдік аренадағы экономика және спорт салалары жайлы да ой талқылар болды.
Үш күн бойына созылған аламанда алқалы топта алға шығып, ой жүйріктігі мен шешендігін ұштастыра білген пікірсайысшылар қазақ лигасында оза шауып Ақтөбе қаласынан келген «Ақтөбе арланс (Отарбай Алиасқар, Бітімбай Исламбек)» фракциясы I орын иеленсе, өздерінің алғырлықтарымен Ақтөбе қаласынан келген «Ақтөбе (Сарин Еркін, Шаңдыбай Мейірболат)» фракциясы II орын жүлдегері ретінде сөз саптаулары мен барлық саладағы сауаттылығымен ерекшеленген III орын иегері Ақтөбе қаласы М.Оспанов атындағы БҚМУ «Жалын» дебат клубының «Алыстан келдік, алысқа кетеміз (Байтенов Қуаныш, Досанова Меруерт)» тобынан басым түсті.
Сонымен бірге Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің арнайы сыйлығымен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, «Нұр» фракциясы марапатталды. Үздік спикер аталымын Таубай Айсұлтан иеленсе, Жалмұқан Ерсұлтан «Үздік төреші»атанды.
Аталмыш турнирдің орыс лигасында бас жүлдені «Глашатаи» (Сейпилова Сая, Нургуатов Алпамыс) фаркциясы қанжығасына байлады, ал екінші орынды «Авангард» фракциясы (Есеналин Роман, Кадыркулова Альбина) иеленді, тартысты ойынның III орны «Error 404» (Лим Мира, Жиенбаев Бақытжан) бұйырды. Кіл мықтылар тізіміне іліккен «Нұр» фракциясы (Құдайберген Нұрлан, Сейітқазы Заңғар) М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Хабибуллаұлының арнайы сыйлығы табысталды. Командалық есептен тыс жекелей алғанда «Үздік спикер» аталымына Сейпилова Сая лайық деп танылса, Мендыгалиева Диана «Үздік төреші» атанды.

Турнирдің жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқаны үшін ұйымдастырушылар тарапынан «Үздік делегация» аталымын «Атырау пікірсайыс орталығы» иеленді. Қазақ және орыс лигаларында қалтықсыз қызмет еткені үшін Гиниятова Диана , Усенова Лияна «Үздік вайзер» аталымын жеңіп алды.

М.Сүлейменов,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *