Хабарландыру

Құрметті оралдықтар!

Орал қалалық коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 79-тармағын (тұрғындарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесін) орындау үшін, техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер қабылдау ағымдағы жылдың 3-13 желтоқсанына дейін тоқтатылатынын хабарлайды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *