Оралдық тәртіп сақшылары велосипед ұрлаған атыраулық азаматты қолға түсірді деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған ұрлық оқиғасы ағымдағы жылдың 5 қазанында күндіз орын алған. Белгісіз біреу қаладағы Қонаев атындағы шағынауданда 63-үйдің подьезінде тұрған 1970 жылғы азаматқа тиесілі «Стелс» маркалы велосипедінің кілтін кесу арқылы жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Соның салдарынан мүлік иесіне 45 000 теңге шығын келтірген.
Бұл факті сол күні тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалған. Нәтижесінде қалалық Полиция басқармасының КПб қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Атырау қаласының С. есімді тұрғынын қолға түсірген.
Қазіргі уақытта қылмысын мойындаған күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның жалпы 14 қылмысқа қатысы бары анықталыпты.
«PULS» ақпарат